Байқаудың қорытындысы шығарылды

Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ретінде атап өтеді. Бұл шара өндірістегі жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға ықпал ету мақсатында өткізіліп отыр.

«Қазақстан алюминийі» АҚ Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын шығарды. Қазылар алқасының құрамында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Уәлиханов болды.

Қазылар алқасы 50-ге жуық өтінімді қарастыруы керек еді. Әр номинация бойынша қазылар алқасы үш жеңімпазды таңдады. «ҚжЕҚ бойынша үздік бюллетень» номинациясында ОЭР учаскесінің басшысы Андрей Атанов, ЖЭО техник-технологы Антон Қайсаров, ОЭР электр монтері Нуриман Каюмов жеңіске жетті. «Өндірістегі болашақтың ЖҚҚ» номинациясы бойынша ЭЭО сорғы қондырғыларының машинисі Елена Зинченко, ОАЭР мастер-энергетигі Нұржан Сембаев, ЦЦР кран машинисі Татьяна Безукладникова жеңімпаз атанды. «Қауіпсіз аумақ» номинациясы бойынша ОЭР учаскесінің басшысы Александр Киреев, ООО шебер-механигі Аркадий Прудников, ООО учаскесінің басшысы Алексей Полозов жеңіске жетті. «Жұмыс орнындағы өндірістік бақылау» номинациясы бойынша ОС агломератшысы Дмитрий Воробьев, ОС агломератшысы Қуаныш Бейсембаев, ОС агломератшысы Ербол Жұмағожин, «Биіктікте ТБ бұзылуын анықта» номинациясы бойынша ГМЦ-2 гидрометаллург-аппаратшысы Жаңыл Балтабаева, ГМЦ-3 гидрометаллург-аппаратшысы Оксана Бородавкина, ЭЭЦ-3 сорғы қондырғыларының машинисі Елена Зинченко жүлдегер атанды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіподақ комитеті байқаудың барлық қатысушылары үшін ақшалай сыйақыны қарастырды және осындай іс-шараларды әрдайым қолдайтын болады», – деп атап өтті М.Уәлиханов.