Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және іске асыру бойынша кездесу өтті. Оған Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының, Білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалдарының өкілдері, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері қатысты.
Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков әлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңарту мен нығайтудың, еңбек адамының мүддесінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытудың және тыныс-тіршіліктің барлық салаларын қарқынды реформалаудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Александр Зевахин партияның әлеуметтік-экономикалық бастамаларының негізгі бағыттарымен сөз сөйледі. Ол айтқан барлық ұсыныстар қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайтуға, зейнеткерлік жасты төмендетуге және халықты әлеуметтік қамтамасыз етудегі нақты оң өзгерістерге бағытталғанын жеткізді.
Ашық диалог барысында қызықтырған сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді.