Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен 2021 жылғы қарашада ұсынылған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымдарының талаптары тармақтарының орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Әлішер Әбеновтің және атқарушы директоры Наир Биджудың ақпараты бойынша ұжымдардың 17 талабының 13-і – орындалған, 4-і – жұмыста.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір және болат департаменттері ұжымдарының талаптарын орындаудың жекелеген тармақтары бойынша «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин нақты мәселелерді атап өтті.
Шахталар ұжымдарының өкілдері тарапынан қауіпсіздік техникасы мен материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру мәселелерінде наразылықтар айтылды.
Бұл жолы Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының алдына еңбек адамына деген қарым-қатынасты түбегейлі өзгерту, барлық басшылардың белгілі бір жұмыс учаскелері мен жіберілген кемшіліктер үшін жауапкершілігін арттыру жөнінде нақты мәселе қойды.