Кәсіподақтар құрылыс алаңдарының қауіпсіздігін тексерді

Нұр-Сұлтан қаласындағы мұнара крандарымен жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау бойынша арнайы жұмыс тобының өкілдері құрылыс алаңдарындағы мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Жұмыс тобының құрамында елордалық Кәсіподақтар орталығының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық департаментінің, мемлекеттік еңбек инспекцияның және құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Осы аптада жұмыс тобының өкілдері салынып жатқан “Целиноград”, “Алмажай”, “Flagman”, “Оркендеу”, “Аманат” тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңдарында болды.

Жыл басынан бері 25 құрылыс нысанындағы 108 мұнара крандарының техникалық құжаттамасы тексерілді. Соның ішінде, 70 кран бойынша бұзушылық анықталып, оларды берілген мерзімде жою міндеттелді.