«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалы еңбек ұжымдарын белсенді аралауда. Соңғы уақыт ішінде Қамысты ауданының «Ветеринариялық станция» КМК мен «ПКФ» Қайрат» ЖШС-нің, «Жітіқара ауданының «Степное» ЖШС мен Денисов ауданының «Ветеринариялық станциясы» КМК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірнеше кездесу өтті.
Кәсіподақтың көптеген мүшесін зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері толғандырады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының зейнеткерлік және еңбек заңнамаларындағы негізгі өзгерістер туралы халықты хабардар етуді жоғарылату мақсатында кездесулерге Қостанай облысы бойынша Бақылау және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары А.Сатаева шақырылды.
Кездесу барысында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» ҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекова еңбек ұжымының алдында ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ол кәсіподақ мүшелеріне ұжымдағы кәсіподақтардың рөлі, келісу комиссиясының, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының жұмысы туралы толығырақ баяндап берді.
Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілі (кәсіподақтар атынан) арасында құқықтық құжат болып табылатын ұжымдық шартты жасау туралы ақпаратты Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Әбубәкір Сүлейменов мәлімдеді.
Кәсіподақ мүшелерінің пікірі бойынша іс-шаралардың осындай форматы өте тиімді. Жұмыскерлер кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға қатысты толғандырған сұрақтарды тікелей қойып, оларға жауап алды. Осындай форматтағы кездесулер одан әрі жалғаспақ.