Павлодар облысы Железин ауданының Башмачин ЖОББМ базасында «Заманауи кәсіпкерлік – жаңғыру жолында» атты облыстық жастар форумы өтті. Аталған іс-шараның бастамашылары Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және ҚБ жанындағы облыстық жастар кеңесі болды. Жастар форумына Железин ауданының жас педагогтары қатысты.
«Заманауи кәсіпкерлік – жаңғыру жолында» облыстық жастар форумы барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қысқа мерзімде қайта бағдарлануға және оқуға қабілетті жаңа бастамаларға, өзгерістерге ашық Жас педагогикалық қоғамдастықтың ең бастамашыл, белсенді және креативті өкілдерін жинады.
Форум қатысушыларына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы»ҚБ бас маманы А.Арынова, Павлодар облысы білім басқармасының «Железин ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Ж.Дүйсекенова, «Білім беру қызметкерлерінің Железин аудандық кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Ш.Нұрғалиева, «Білім беру қызметкерлерінің Павлодар аудандық кәсіподақ ұйымы» КММ директоры А.Арынова құттықтау сөз сөйледі.
Жастар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары туралы облыстық жастар кеңесінің төрағасы А.Абильдинова, облыстық жастар кеңесінің мүшелері Н.Теміржанов және Ф.Есенбаева баяндады.