Елді мекендердегі белсенді әйелдерге еңбек құқығы түсіндірілді

Қызылорда облыстық әйелдер кеңесі ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүр негізінде өткізілген шараның құқықтық бағыттағы бөлімінде облыстық кәсіподақтардың еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева еңбек заңнамасындағы әйелдер еңбегінің реттелуі туралы дәріс оқыды.


Облыс көлемінде барлық аудандарда ұйымдастырылған шара елді мекендердегі, ауыл-аймақтардағы белсенді әйелдердің басын қосты. Шара отбасы тәрбиесі, әйелдер көшбасшылығын дамыту, шығармашылық жастармен жұмыс, кәсіпкер әйелдерге көрсетілетін қолдаулар, әйелдердің құқықтық сауаттылығы бағыттарында секциялық жұмыстар бөлімдерінде жүргізілді.

Сырдария ауданында жалғасқан бұл шараның құқықтық бөлімі еңбек құқығына арналды. Облыстық кәсіподақтар өкілі Майра Боранбаева семинарға қатысушыларға заңнамаларда әйелдер еңбегін реттеу ерекшеліктері мен ана мен баланы әлеуметтік қолдау заңнамаларындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме берді. Семинарға қатысушылар спикерге еңбек қатынастары мәселелері бойынша сұрақтар қойып, әйелдер еңбегінің жағдайларын одан әрі жақсарту бойынша пікір алмасты.