okg.kz: “Еңбек қауіпсіздігі елемейтін мәселе емес”

Таяуда «Төлеби аудандық балалар кітапханасы» ғимаратында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік диалог» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылды. Жиын мақсаты – еңбек заңнамасы, әлеуметтік диалог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бақтыбаев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков, «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Светлана Шишкина, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Ашурбекова мен кәсіподақ активі қатысты.
Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бақтыбаев өз сөзінде еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестермен бірігіп жұмыс істеуінің маңызды екендігін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Ерлан Жандарбеков еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, кітапхана ұжымына еңбек жағдайлары және оны қорғау шаралары жайлы әңгімеледі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Ашурбекова кітапхананың тыныс-тіршілігіне, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығына мән берді, бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымдағы рөлінің ерекше екендігін айтты.
«Дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысушылар аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

https://okg.kz/post?id=28529&slug=enbek-qauipsizdigi-elemeitin-masele-emes