ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған қазақстандық делегация Анкарада Түркия Кәсіподақтар федерациясымен ынтымақтастық туралы келісімге келді. Құжатқа Қазақстан мен Түркияның екі ірі кәсіп-
одақтар бірлестігінің жетекшілері – ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мен HAK-IS Кәсіподақтар конфедерациясының президенті Махмуд Арслан қол қойды.
Құжатқа сәйкес, тараптар лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілікті алға бастыру қағидаларын бірлесіп жүзеге асыруға келісті. Сатыбалды Дәулеталин түрік әріптестерін Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, ҚРКФ Бас кеңесі жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту және дамытуға негізделген әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешу іс-шараларымен таныстырды. Ол Қазақстан мен Түркия кәсіподақтарының республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан кәсіподақтары үшін халықтарымыздың ортақ тамыры мен ортақ тарихы маңызды. Біздің елдер арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалай отырып, Кәсіподақтар федерациясы олардың одан әрі қарқынды дамуына үлес қосуға ниетті. Түрік кәсіподақтарымен екі жақты ынтымақтастық орнату Қазақстан халқына тән «халық дипломатиясының» элементі болып табылады. Түркия – Қазақстанның саяси және экономикалық саладағы сенімді серіктестерінің бірі. Қазақстан кәсіп-
одақтары қос мемлекет еңбеккерлерінің игілігі үшін түрік кәсіподақтарымен бауырластық пен ынтымақтастықты нығайтуға атсалысады» деді Сатыбалды Дәулеталин.
Өз тарапынан HAK-IS Кәсіп-
одақтар конфедерациясының президенті Махмуд Арслан түрік
кәсіподақтары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүшелікті қалпына келтіру жөніндегі ниетін қолдайтынын білдірді.
Екі ұлттық кәсіподақтар орталығының жетекшілері кәсіподақтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, түрік тарапы түркітілдес елдер кәсіп-
одақтарының бірлестігін құру мәселесін қарауға шақырды. Тараптар бұл бастаманы егжей-тегжейлі талқылауға келісті.
Қазақстандық және түрік кәсіп- одақтарының өзара іс-әрекетін одан әрі дамыту HAK-IS вице-
президенті, металлургтер салалық кәсіподағының президенті Юнус Дегирменчимен, денсаулық сақтау салалық кәсіподағының президенті Девлет Сертпен, ESDER қол-
өнершілер қауымдастығының басшысы Махмуд Селикуш және Анкараның Кесионер ауданының мэрі Тургут Алтинокпен кездесулер аясында жалғасты.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы жұмыс сапарымен Анкарада жүр. Сапар аясында қазақстандық делегацияның TÜRK-İŞ конфедерациясының басшылығымен келіссөздері
жоспарланған.
ҚР Кәсіподақтар
федерациясының
медиаорталығы.
https://okg.kz/post?id=28626&slug=aleumettik-adilettilik-qagidalaryn-saqtauga-uagdalasty