Бүгін, 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында «Кәсіподақ көшбасшысының мектебі» атты жаңа білім жобасы өз жұмысын бастады. Оның басты мақсаты – жаңа бастаған кәсіподақ белсенділерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға жәрдемдесу.
Жобаға алғаш қатысушылар 2019-2021 жылдарға сайланған Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарының білім және ғылым салалық кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері болды.
Кәсіподақтар федерациясының жаңа білім жобасын бастамасының авторы және «Кәсіподақ көшбасшысының мектебі» жобасының үйлестірушісі – ҚР КФ Ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова таныстырды.
Басқосуда сөйлеген сөзінде ол кәсіподақ көшбасшысын оқыту курсы 3 айға немесе 36 академиялық сағатқа есептелгенін айтты. Ол жұмыс жоспарынан сәйкес аптасына екі мәрте жүргізіледі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, жастар кеңестерінің мүшелері және ҚР Кәсіподақтар федерациясына мүше барлық салалық ұйымдардың кәсіподақ белсенділері кезең кезеңмен оқиды.
Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің тапсырмалары кәсіподақ көшбасшыларының кәсіподақ қызметінде консультативті көмек берген кезде қажетті білімді алуына жәрдемдесуге орайластырылған. Оқу курсы нәтижесінде тыңдаушылар Кәсіподақ көшбасшысы мектебін бітіргені туралы куәлік алады.
Ләззат Есжанова бүгінгі таңда қайта сайланатын бастауыш кәсіподақ төрағаларының орташа жасы – 30 екенін атап өтті.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мектептің алғашқы тыңдаушыларына жұмыстарында табыс тіледі.
Білім қызметкерлері салалық кәсіподақ өкілдеріне арнап сөз сөйлеген Сатыбалды Дәулеталин ҚР КФ мүше осы ұйым кәсіподақ жұмысында алғы шепте жүретінін атап өтті.
ҚР КФ басшысы кәсіподақ көшбасшысының жұмыскердың әл-ауқатын қамтамасыз ету және оған арналған лайықты еңбек жағдайын жасаудағы рөліне тоқтала кетті.
«Кәсіподақ – бұл адамдардың ерікті түрде ұйымдасқан бірлестігі. Олар өздерінің құқығы мен мүдделерін ұжымдасып қорғауға мүмкіндік беретін ұйымға ерікті түрде бірігеді. Бүгінгі таңда бастауышш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының 85 пайызы өз қызметінен босатылмай, осы жұмысты қосымша атқарып жүр. Олар осылай өздеріне жоғары жауапкершілікті алған. Өйткені төрағаны кәсіподақ мүшелері сайлайды, әрі олар ақтауы тиіс жоғары сенім білдіреді. Бүгінде кәсіподақтың рөлі мен маңызы біздің қоғамда барынша өзекті. Кәсіподақтар – бұл еліміздегі азаматтық қоғамның өте бір маңызды бөлігі. Сондықтан кәсіподақтар бүгінде жұмыскерлердің мүддесі мен құқықтарын қорғауда барынша тиімділік көрсетеді және оған біздің қоғам ғана емес еліміздің дамуы да тәуелді», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Ол кәсіподақ көшбасшысының бойында қандай қасиет, білім мен дағды болуы керектігіне ерекше мән берді.
«Кәсіподақ көшбасшысының мектебі еңбек және кәсіподақ заңнамаларына қатысты білім негізін нығайтуға мүмкіндік береді. Ол көшбасшыны қалай сапалы дамыту керектігін түсіндіріп, кәсіподақтың жалпы қызметіндегі құзыреттер мен біліммен байытуға мүмкіндік береді», – деді ҚР КФ төрағасы.
ҚР КФ төрағасының орынбасары – Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Айгүл Мұқашева курсқа қатысушыларға салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы еліміздегі ең ірі республикалық кәсіподақтар бірлестігі – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіреді. Кәсіподақтар федерациясының 2 млн-ға жуық мүшесі бар, 23 салалық және 17 аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің басын қосады. Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ҚР КФ-нің ірі мүше ұйымы, онда 8 367 бастауыш кәсіподақ ұйымына мүше 545 559 адам бар. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары біздің жұмысымыздың негізгі бөлігін атқарады», – деді Айгүл Мұқашева.
Ол салалық кәсіподақтың халықаралық қарым-қатынастары туралы мағлұмат берді. Олардың арасында – Білім интернационалы (15 елдің кәсіподақтары кіреді), UAESEB (түркітілді елдердің 11 білім саласындағы кәсіподақтары кіреді), Білім кәсіподақтарының еуропалық комитеті (Еуропа мен ТМД-ның 44 елінің кәсіподақтары мүше) және Білім және ғылым кәсіподақтарының халықаралық бірлестігі (ТМД елдерінің білім саласындағы кәсіподақтарының басын қосады) бар.
Айгүл Мұқашева баяндамасында әлеуметтік әріптестік дамыту, кәсіподақ мүшесіне құқықтық қолдау көрсету және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қоғамдық бақылау бойынша іс-шараларға жеке тоқталды.
«Салалық кәсіподақ кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмысты жүргізіп отыр. Оның ішінде кәсіподақ мүшесіне берілетін кепілдіктер, ауылда жұмыс істейтін педагогттерге коммуналдық қызмет бойынша өтемақы беру секілді педагогтерді қолдау шаралары да бар», – деді ол.
Білім мекемелері қызметкерлерінің мүддесін қолдауға қатысты шаралар туралы курсқа қатысушыларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева айтып берді.
«Педагогтердің құқығын қорғау мәселелері әрқашан депутаттардың айрықша назарында. Таяуда ғана педагогтерді аттестациялауға қатысты мәселелерді айттық. Сонымен қатар біз оқулықтар мәселесін шешу туралы бастама көтердік. Осы норманы Сенат мақұлдады. Меніңше балама оқулықтар қолданысқа енгізіліп, педагогтер оқу барысын өздері ұйымдастыруға кірісетін күн алыс емес, Сонымен қатар білім беруді цифрландыруға, мектепті қайта жабдықтау және құрылысқа қатысты сұрақтар бар», – деді Екатерина Смышляева.
Сонымен бірге депутаты ҚР Білім және ғылым министрлігі бағдарламасы аясында білікті педагогтерді жекелеген өңірлерге көшіруге қатысты мәселелер талқыланып жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында спикерлер білім саласындағы кәсіподақ белсенділерінің қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Жиынға қатысқандар «Кәсіподақ көшбасшыларының мектебі» білім жобасының маңызы зор екенін және алған мағлұматтарының құнды екендігін атап өтті.
Еске сала кетсек, 2021 жылы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ білімінің деңгейін көтеруге бағытталған бірқатар шараны қолға алды. Кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің түрлі санаттарына арналған оқу семинарлары бағдарламасының тереңдетілген курстары әзірленді. Кәсіподақтар федерациясы мен оған мүше ұйымдардың тәжірибелі қызметкерлерінен дәріскерлер пулы жасақталды. 2021 жылы 619 оқу семинары өткізілді, оған 38 044 кәсіподақ мүшесі қатысты. Кәсіподақтың білім марафоны аясында 89 оқу семинары өткізілді. Ол 17 өңірді және 18 салалық кәсіподақты қамтыды, оған кәсіподақ қозғалысының 10 250 өкілі қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы