Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында «Мектеп кітапханашысының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Шараға аудандағы білім беру ұйымдарында еңбек ететін 24 кітапханашы қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шара мақсаты – кітапхана жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру болып табылады. Семинар барысында кітап оқуды ынталандыруға арналған іс-шаралар жоспары, «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері туралы сөз болды. Осы жоба аясында өткен «Үздік мектеп бұрышы» аудандық байқауы қорытындыланды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға аудандық әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі А.Сейітпанова және кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.