«Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар өтті

Қызылорда облыстық кәсіподақтарының еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері ҚР Кәсіподақтар федерациясымен ұйымдастырылған «Қазақстандағы гендерлік саясат» тақырыбындағы онлайн-семинарына қатысты.

Семинарды Федерация төрағасының орынбасары, еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Гүлнара Жұмагелдиева ашып, кәсіподақ ұйымдарындағы әйелдер белсенділігі, келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы әйелдер мен ерлердің тепе-теңдігіне қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Семинар спикері, Халықаралық эксперт Әлия Илиясова әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы гендерлік саясат, жүзеге асырылған жобалар мен өзекті проблемалар туралы ақпаратпен бөлісті. Гендерлік саясат мәселесіндегі эксперт қазірде Қазақстанда әйелдердің мәртебесі мен құқықтарына қатысты қабылданған бірқатар халықаралық келісімдердің орындалуы барысына да тоқталды. Семинар барысында барлық өңірлерден жиналған әріптестерімен бірге Қызылордалық кәсіподақтардың белсенді әйелдері де гендерлік саясат бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткізудің нақты міндеттері мен мақсатты индикаторлары туралы көптеген мағлұматтар алды.