Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы мен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы»ММ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде Кәсіподақтар үйінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын 28 сәуірде атап өтіледі, оның басты тақырыбы – еңбекті қорғау жүйесін дамыту және жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау үшін әлеуметтік диалогтың және барлық мүдделі тараптардың тартылуының маңызы.
Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков өз сөзінде қызметкерлердің лайықты еңбек жағдайлары мен жалақысын қамтамасыз етуде әлеуметтік диалогты дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бірлескен іс-қимылды қалыптастыру, жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау мақсатында кәсіподақтар әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек» өңірлік бағдарламасын ұсынып, әзірленгенін атап өтті.
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы» ММ басшысы Ирина Любарская кездесуге қатысушылардың назарын қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, технологиялық ескірген жабдықтарды жаңарту және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелеріне жүйелі оқыту қажеттілігі мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган қабылдап жатқан шараларға, өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жарақаттану жағдайына аударды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар еңбекті қорғау саласында белгілі бір нәтижелікке ие жаңа жүйелі тәсілдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелеріндегі әлеуметтік әріптестіктегі одан әрі бірлескен іс-қимылдар жөніндегі диалогтық өңірлік алаңында нәтижелі кездесу үшін алғыстарын білдірді.