Орал қалалық білім беру бөлімінің және БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен «Үздік жас дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2022» байқауы өтті.
Байқауға бес жылға дейінгі жұмыс өтілі бар мектепішілік кезеңнен өткен 16 маман қатысты. Жас мамандардың білім-біліктілік дағдылары төрт кезеңде сыналды: ашық сабақ өткізу, тест тапсырмаларына жауап беру, практикалық тапсырмаларды орындау.
Байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталып, белсенді қатысушыларға арнайы номинациялар берілді. Орал қалалық білім беру бөлімі мен БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалы атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушыға арнайы кәсіподақ логотипы бар футболкалар сыйға берілді.