Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен облыстық еңбек инспекциясының инспекторлары марапатталды. Мерекелік шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының басшысы А.Мырзалин және Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы облыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша атқарылған оң жұмыстарды атап өтті.
Облыста өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында көптеген ауқымды істер атқарылуда.
Жиында облыстық инспекцияның үздік мамандары кәсіподақ тарапынан құрмет грамотасымен марапатталды. Атап айтсақ, мамандар Қуаныш Қамиев, Асхат Жұмалы, Венера Юсупова еңбек адамының мүддесін қорғау мен өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін аумақтық бірлестік атынан құрмет грамоталары және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ұзақ жылдар еңбек инспекторы болып еткен ардагерлерге де құрмет көрсетілді.