Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Атамекен» өнер ордасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысаралық мәдени байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, шығармашылық байланысты кеңейту, дамыту, кәсіби тың идеяларға бағытталған мәдениет қызметкерлерінің эксперименттік алаңын қалыптастыру мақсатында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің V «Рухани қазына-2022» облыстық фестивалі өткізілді.
Фестиваль аясында «Мәдени кейс» дөңгелек үстелі өтті. БҚО мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов, БҚО халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов, сонымен бірге 2018-2021 жылдардағы республикалық «Рухани қазына» фестивалінің үздіктері және көршілес Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының халық шығармашылығы орталығының директорлары, мамандары және облыстық, қалалық, аудандық мәдениет мекемелерінің басшылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
V «Рухани қазына-2022» фестивалі жеңімпаздар мен үздіктерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Айдар Тапашұлы жеңімпаздарға «Үздік» дипломдарын және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдамалар табыс етті. Фестиваль «Би салтанаты» атты мерекелік концертпен өз мәресіне жетті.