Жұмысшы тобындағы ҚРКФ мүшелері артық жұмыс істеуге төлем төлеу заңнамасына бірқатар өзгеріс енгізді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайы мен жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауды жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмысшы тобының мүшелері – ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бастамашы болған осы заңнама жобасына бірқатар өзгерістер енгізді.

Жұмыскерлер құқығын қорғау мақсатында Кәсіподақтар федерациясы оған мүше ұйымдардың қолдауымен жоғарыда айтылған жұмысшы топтың қарауына ҚР Еңбек кодексіне енгізілетін бірқатар өзгерістерді ұсынды.

Кәсіподақтар федерациясы ұсынған өзекті өзгерістердің қатарында артық жұмыс істеген уақыты үшін төлем төлеуді жоғарылату туралы нормалар болды. Еңбек кодексінің 108-бабына ұсынылған өзгеріске сәйкес «уақытпен есептелетін еңбек және ұжымдық шарттың немесе жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде артық жұмыс істегені үшін төлем төленеді, алайда жұмыскердің күн бойынша (сағат бойынша) мөлшерлемесін алып қарағанда екі есе мөлшерден кем болмауы тиіс». Сондай-ақ  ҚР КФ келісімді еңбекке ақы төлеу бойынша өзгеріс енгізді, жұмыскердің күн бойынша (сағат бойынша) мөлшерлемесін ескергенде артық уақыттағы жұмысқа төлем жасауға қатысты мөлшер жүз пайыздан төмен болмауы тиіс.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта осындай төлем көлемі бір жарым мөлшерден төмен емес және елу пайызға сәйкес.

Кәсіподақтар федерациясы ұсыныстарына пайдалы екеніне дәлел ретінде Өзбекстан Республикасы мен бірқатар елдің тәжірибесін ұсынды.

Еске сала кетсек, бұрын қолданыста болған Қазақстанның Еңбек туралы заңдар кодексінде уақытпен есептелетін еңбекке ақы төлеу барысында артық жұмыс уақыты үшін алғашқы екі сағатта бір жарым есе мөлшерде, ал одан кейінгі сағаттарда екі есе мөлшерде төлем төленетін.

Жұмысшы тобының талқылауы барысында аталған өзгеріс мақұлданды.

Кәсіподақтар федерациясының өзекті өзгерістерінің арасында Кәсіподақтар федерациясы, оған мүше салалық кәсіподақтарының өкілдері бір жағынан, «Атамекен» ҰКП, басқа да жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері екінші жағынан талқыға салып, пікірталас тудырған – мереке және демалыс күндергі еңбекке ақы төлеуді екі есе мөлшерден кем емес көлемде жоғарылату мәселесі болды. Кәсіподақтар федерациясының пікірі бойынша ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына ұсынған өзгеріске сәйкес, мереке және демалыс күндергі еңбекке ақы төлеу еңбек және ұжымдық шартқа және (немесе) жұмыс берушінің актісіне сәйкес жоғарылатылған мөлшерде жүргізіледі, алайда жұмыскердің күн бойынша (сағат бойынша) мөлшерлемесін ескере отырып екі есе мөлшерден кем емес болуы тиіс.

Осы өзгеріс жұмысшы тобы мүшелерінің көпшілігінен және ҚР Парламенті Сенаты депутаттарынан қолдау тапты.

Еске сала кетсек, талқыланып жатқан заң жобасы ХЕҰ конвенцияларындағы өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы бойынша, еңбек саласындағы кемсітушілік туралы бірқатар нормаларды енгізу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне және жұмыскердің еңбек құқығын қорғауға қатысты нормаларды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Соынмен бірге, аталған нормаларды толық қабылдау көбінесе заң жобасын ары қарай қарау барысында ҚР Үкіметіндегі әлеуметтік әріптестердің ұстанымдарына байланысты болады.

Еске сала кетсек, жұмысшы тобының құрамына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілістің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа да министрліктер мен ведомстволар, өңірлік еңбек инспекциялары, «Атамекен» ҰКП, басқа да жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері, жұмыскерлер тарапынан – ҚР Кәсіподақтар федерациясының және оған мүше салалық ұйымдарының өкілдері кірді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы