Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында және «Қазкөліккәсіп» ҚБ құрылғанына 30 жыл толуына орай “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС кәсіподағы филиалында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында семинар өткізілді.
Жиынға қатысушылар “2021 жылғы “ӘТЖК” ЖШС-дегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жәй-күйі”, “Ұйымдағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың практикалық тәжірибесі”, “Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жазатайым оқиғаларды уақтылы тексеруге, есепке алуға қатысуы және бақылауды жүзеге асыруы” бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Семинарға осы жұмыс саласына тікелей жауапты «ӘТЖК» ЖШС-нің барлық филиалдары директорларының орынбасарлары, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженерлері, сонымен қатар «ӘТЖК» ЖШС-нің кәсіподақ филиалының басшылығы мен кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Баяндамашылар қатарында ҚР Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының басшысы Назгүл Әзтаева, “ӘТЖК” ЖШС өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру секторының бас менеджері Серік Мурзашов, “Қорғау “көміршілер кәсіподағы”ҚБ бас техникалық инспекторы Андрей Лукин болды.
“Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС кәсіподағы филиалының төрағасы Талғат Ескенов өз сөзінде: “Біздің кәсіподақ жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында қоғамдық техникалық инспекторлармен жұмыс істеу біз үшін қызметтің басым бағыты болып табылады. Біз техникалық инспекторлардың және жалпы өндірістік кеңестердің жұмысында жаңа тәсілдерді іздейміз. Осы мақсатта аталған іс-шара өткізілуде”,-деп атап өтті.
«Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері ҚР Кәсіподақтар федерациясының тұрақты бақылауында. Елімізде 11 696 өндірістік кеңес құрылды, олардың құрамында 18 000 техникалық еңбекті қорғау инспекторлары еңбек жағдайларына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ҚРКФ Заң жобалау топтарының қызметінде ҚР Еңбек кодексіне өндірістік кеңестерді міндетті түрде құру жөніндегі нормаларды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл осы бақылау тетіктерін күшейтуге және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді»,-деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының басшысы Н. Әзтаева.
Айта кетерлігі, аталған іс-шараны ҚР Кәсіподақтар федерациясының ресми серіктесі болып табылатын “Altyn Enbek” компаниясы ұйымдастырды. “Altyn Enbek” – бұл құрылыс, энергетика, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында қызмет көрсету бойынша көп салалы ұйым. Сондай-ақ компания экономиканың барлық салаларының кәсіподақ ұйымдарына семинарлар өткізеді.