Әлеуметтік әріптестер марапатталды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік әріптестердің қатысуымен кәсіподақ белсенділерінің кездесуі өтті. Кездесуге Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппараттарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Кенес Махамбетовтың қатысуымен өтті. Барлығы 37 адам қатысты.

Облыстық филиал төрайымы С.Тұрсынбаева қатысушыларға «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағы арасындағы 2022-2024 жылдарға арналған еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаларын айқындайтын, қосымша әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін белгілейтін салалық келісім туралы айтып өтті. Сондай-ақ Кәсіподақтар Федерациясына қарасты 8 шипажайы, Салалық кәсіподақ пен «Көктем» және «Щучинкий» шипажайларымен жасалған келісім-шарттардағы 10-20 пайызға дейін жеңілдіктер, облыстық кәсіподақ пен бастауыш ұйым тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы айтты.

Сонымен қатар кәсіподақ заңгері К.Махамбетов жеке еңбек дауын шешу жөніндегі келісу комиссиясын құру және оның жұмыс тәртібі, келісу комиссиясында қаралатын мәселелер туралы түсіндіріп, «Кәсіптік Одақтар туралы» ҚР Заңы, Жарғылық тәртіптің орындалуы туралы айтып өтті.

Кездесуде Салалық кәсіподақтың «Кәсіподақ қайраткері» медалімен Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы, Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Мереке Табынбаева марапатталса, әлеуметтік әріптестер Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен, Қазалы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Кенжебек Муханбет «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің алғыс хатымен, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл және Бірлік ауылдық округінің әкімі Өміртай Өтеп-Әлі Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен, Бозкөл ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бөлебай Облыстық салалық кәсіподақтың алғыс хатымен марапатталды.