“Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы” АКБ төрайымы Айгүл Есекенова:
Қадірменді жерлестер!
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеуін жариялап, еліміздің Ата заңына өзгертулер енгізу үшін референдум жарияланатыны хабарланды.
Еліміздің еңбек етуші қоғамының ресми өкілкі ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің шешімімен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы үндеуі қабылданды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге өткелі тұрмыз. Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деп атап өтті.
Қазақстанда жалпыхалықтық референдум 1995 жылы өткенін көпшілік жақсы біледі.
Әуелі референдум жеке тұлғаның емес, халықтың пікірін айқындайтын амал.
Сондықтан азаматтардың көзқарасы арқылы қалыптасатын жаңа саяси қадамдарды жансақтық емес.
Алдыңғы референдум арқылы енгізілген өзгерістердің арқасында Қазақстанда нарықтық экономика құрылып, демократиялық қоғамның негізі қаланды. Азаматтық қоғам институттары қалыптаса бастады. Енді алдағы уақытта болуы мүмкін референдумда да ел үшін оңды, жаңа бастамалар аларына сенемін.
Осы себепті, барша халықты референдумға қатысып, азаматтық позицияда өз пікіріңізді білдіре отырып, болашағымызды жарқын етуге үлес қосуға шақырамын!