Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев:
Қымбатты отандастар!
Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған қоғамды жаңғырту бағыты барлығымызға еліміздің саяси жүйесінде орын алып жатқан тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік береді.
Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің айқын көрінісі болады деп санаймыз. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады.
Жалпы, билік 33 бапқа 56 түзету енгізуді жоспарлап отыр. Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған. Оның ішінде «суперпрезиденттік» басқару формасынан кету.