Бердіғали Өмірәлі: “Референдум – елдегі саяси өзгерістерді қалыптастыруға қатысу құқығын айқындайтын тарихи акті”

Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі:

Мен Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы және Қазақстан Рнспубликасының азаматы ретінде ҚР кәсіподақтар федерациясының ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша 05 маусым күні болатын референдумға қатысты үндеуін толық қолдаймын.

Бұл референдум еліміздің саяси бағыттарын қалыптастыруға қатысу құқығын және болашақ тағдыры үшін шешім қабылдау құқығын айқындайтын тарихи акті және жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам.

Кәсіподақтар, еңбек адамының құқықтарын қорғай отырып, барлық күш жігерін еліміздің жарқын болашағы мен халқымыздың әл ауқатын арттыруға арналған бағытын жалғастыра беретініне сенімдімін