Шадрах Ермекбайұлы : “Референдум – қазақ елінің әрбір азаматына ел тағдырына қатысты мәселелерді шешуге тікелей мүмкіндік береді”

Маңғыстау облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Шадрах Ермекбайұлы:

Маңғыстау облысының кәсіподақ орталығы ҚРКФ-ның референдум өткізу жөніндегі бастамасы мен үндеуін толық қолдайды, сонымен қатар бұл үндеуді әрі қарай белсенді түрде дамуына жергілікті кәсіподақ мүшелеріне “түсіндірме жұмысын жүргізу” бағытындағы үлесін қоспақ.

Референдум – Қазақ елінің әрбір азаматына ел тағдырына қатысты мәселелерді шешуге тікелей мүмкіндік береді.

Бұл Жаңа Қазақстанның болашағына айтарлықтай әсер етеді. Референдумға шығатын «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы оң шешімін табады деген сенімдеміз.