Майра Боранбаева: “Еліміздің болашақ тағдыры үшін жауапты шешім қабылдауда өзіндік үлес қосар тұстан қапы қалмайық, достар!”

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева:

Мемлекеттің негізгі құжаты Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Заңнамалық өзгерістерге әрбір азаматтың қатыстылығы айқындалған бұл саяси қадамның маңызды тарихи сәтке айналары анық.

Бүгін, азаматтық қоғамның ең ауқымды мүшесі – Кәсіподақтар федерациясы референдум өтуіне қолдау білдіріп, қоғамға, кәсіподақ мүшелеріне арналған Үндеу қабылдады. Кәсіподақтар федерациясының қабылдаған Үндеуіне өз тарапымнан үн қоса отырып, Мен де барша әріптестерімді, барша қазақстандықтарды референдумға белсене қатысуға шақырамын! Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың әрбір кәсіподақ мүшелерінің назарына жетуіне, азаматтардың толық ақпараттануына жұмыс атқаратын боламыз. Еліміздің болашақ тағдыры үшін жауапты шешім қабылдауда өзіндік үлес қосар тұстан қапы қалмайық, Достар?!