Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов:
Еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау туралы кәсіподақтар үндеуі қабылданды.
Өздеріңізге белгілі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы ең ірі қоғамдық ұйым, мемлекетімізде орын алып жатқан тарихи сәттерде әрқашан кәсіподақтар әлеуметтік әділеттілік ұстанымын белсенді білдіреді. Біздер, өңірдегі кәсіподақтар бірлестіктері Кәсіподақтар федерациясының Үндеуіне толық қолдау білдіреміз.
Ата Заңымызға енгізілуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар әділеттік қағидасымен қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталуда.
Кәсіподақ мүшелерін, барша еңбек адамын, азаматтарымызды алдағы референдумның маңыздылығын түсіне отырып, оған белсенді қатысуға, онда өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамын!