Елордада Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысында жалақы берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша мәселелер қаралды.
Алдымен күн тәртібінде жұмысшылар алдындағы берешегі бар кәсіпорындардың мәселесі қаралды. “SembolQurulus” ЖШС-нің қазіргі күні 7 мердігерлік ұйымның алдында жалпы сомасы 64 066 960 теңге берешегі бар. Отырысқа қатысқан “SembolQurulus” ЖШС өкілі бүгін мердігерлерге 50 млн. теңге аударылатынын жеткізді.
Сондай-ақ 7 жұмысшыға тиесілі 620 мың теңге берешегі бар «Сигнал Security» ЖШС өкілі бір аптаның ішінде берілетінін айтты.
Ал жалақы бойынша жалпы көлемі 95 млн теңгені құрайтын «Компания АИС–Астана» ЖШС және «Астана инженерлік орталығы» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып сотқа жолданады.
Сонымен қатар, отырыста кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану мәселесі қаралып, Ахуалдық орталық мониторингіндегі кәсіпорындар басшыларының мәліметтері тыңдалды.