«Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының алтын діңгегі болып саналатын қарттар компанияның тур маршрут жобасының аясында өздері еңбек еткен өндіріс орындарына экскурсияға келді. Жаңарған жаңа зауыт, өндіріс нысандарын аралап бір жасап қалды.
Аталмыш зауыттың кәсіподақ бастауыш ұйымына қарасты Ардагерлер кеңесі есебінде бүгінгі таңда 860 астам зейнеткерлер есепте тұрады. Тур маршрут аясында ақсақалдар өндірістің жұмыс қарқынын өз көздерімен көріп, олардың жоспарларымен танысты. Әдеттегіндей өндіріс аймағында жүріп-тұру тәртібімен танысып, арнайы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген ақсақалдардың алғашқы аралаған нысанасы бас механик бөлімінің әкімшілік ғимараты болды. Бас механик Алтынбек Наурзбаев аралатып көрсетті.
Жұмыскерлердің заман талабына сай түскі ас ішетін асхана, душ қабылдайтын бөлмелері, бассейн, сауна, жұмыстан кейін бой жазу үшін тренажер зал сияқты жаңа нысандарды көргенде зейнеткерлер таң қалысып, қайтадан жұмыс істегім келіп кетті деп бір-біріне әзілдепте алды. Одан кейін әлемде теңдесі жоқ заманауи жаңа №4 балқыту цехының, автокөлік цехын аралады. Автокөлік цехына ат көлігін бұрған ақсақалдар кәсіби шеберлігін шыңдау байқауының куәсі болды.
Цех ұжымы өздерінің жүргізушілері арасында білімі мен біліктілігін арттыру, техникалық қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында КаМаз жүргізушілер арасында өзара сайыс өткізіп жатыр екен. Қонақтарды цех бастығы Ермек Клюмов жылы шыраймен қарсы алып, пікір алмасты. Ардагерлер №2 балқыту цехының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысуды назардан тыс қалдырмады.