Қызылордада мейірбикелер марапатталды

Қызылордада 12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік жиынға «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрағасы Асылхан Аблайханұлы қатысып, сала мамандарының еңбегіне қошемет-ілтипатын білдірді.
«Мейіргерлер – әрдайым науқастың қасында болатын қызметкерлер. Науқастың нәтижелі емделуі, тез оңалуы және жағдайының жақсаруының үлкен үлесі мейіргерлік күтімге байланысты. Мейірімді еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор алғыс айтамыз» деді кәсіподақ көшбасшысы.
Салтанатты шарада бірқатар мейіргерлер «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Үздігі төс белгісімен және Құрмет грамотасы мен Алғыстармен марапатталды.
Сонымен қатар, жиында облыстық салалық кәсіподақ ұйымы атынан 44 орта медициналық қызметкерге жиырма мың теңгелік қаржы Сертификаттары табысталды.