Қызылордалық кәсіподақтар халықты ақпараттандыруға және реформаларды түсіндіруге белсенді қатысады

Қызылордалық кәсіподақтар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумы туралы халықты ақпараттандыруға және реформаларды түсіндіруге белсенді қатысады.

Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталғандығына қолдау білдіруші облыс кәсіподақтары түсіндіру жұмыстарының жоспарын Үйлестіру кеңесі отырысында талқылады. Кеңес отырысы барысында Референдумға шығарылған Конституция түзетулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылғы мамыр-маусым аралығына іс-шаралары жоспары нақтыланып, кәсіподақтардың облыстық штабы құрамы бекітілді. Облыстық кәсіподақ көшбасшыларынан құралған кәсіподақтар бірлестігінің штабы мүшелері әр саланың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде орналасқан кәсіподақтардың Заң клиникасында өтініш білдірген азаматтарға түсіндіру жұмысы тұрақты жүргізілетін болады.