Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум туралы дұрыс ақпараттандыру және реформаларды түсіндіру мақсатында кәсіподақ жанындағы өңірлік штаб өкілдері жұмыс берушілермен кездесті.
Өңірлік штаб жетекшілері Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшілерімен және ұжыммен жүздесіп, Конституциялық реформа бойынша өткізілетін референдумның маңыздылығын айтты. Кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына, яғни үштен бір бөлігіне енгізілетін өзгерістер халықтың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталғаны жан-жақты түсіндірілді.
«Референдум – азаматтардың белгілі бір мәселе бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Жаңа өзгерістер жұмыс берушілерге де жаңа мүмкіндіктер береді. Елімізде 5 маусымда өтетін референдумға бір кісідей жұмыла атсалысамыз», – деді кездесуге қатысқандар.