Кәсіподақ мүшелері референдумға қолдау білдірді

Республикалық референдум қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қарқынды жүруде. Осы мақсатта «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Сайрам ауданы «Шапағат-педагог білім және басқа мамандықтар қызметі» жергілікті кәсіподағы бірлестігіне қарасты кәсіподақ көшбасшыларымен кездесу өткізді.


Ашық диалог форматында өткен кездесуде Бердіғали Өмірәлі кәсіподақ мүшелеріне елімізде 5 маусым күні өтетін референдум жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы бастамасына қолдау көрсетіп, барынша атсалысуға шақырды. Осы орайда, алдағы заңнамалық өзгерістерді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде кәсіподақтардың қызметін үйлестірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде кәсіподақ көшбасшылары Ата Заңға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізу Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болып табылатынын және еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстарын белсенді бір кісідей атсалысып, қолдау білдіруге әзір екендігін атап өтті.