Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау мәселесі қаралды.
Іс-шараға салалық, жергілікті және ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары қатысты.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова Үйлестіру кеңесін аша отырып: «Өткен жылдардағы тәжірибе жаңа Қазақстанды құруды мемлекеттің Негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудан бастау қажеттігін айқын көрсетіп отыр, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді, халықтың барлық билік институттарына сенімін арттырады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының негізгі заңына түзетулер енгізу бойынша референдумды қолдауға үндеу қабылдады. 2022 жылғы 5 маусымда Павлодар облысының кәсіподақ мүшелері – 135 мыңнан астам адам ҚР Конституциясына түзетулерді қабылдауға дауыс беру арқылы өз қолдауын білдіре алады», – деді.
Үйлестіру кеңесінің спикерлері «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Капенов Конституциялық реформаның негізгі бағыттары және кәсіподақтардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің негізгі өлшемдері туралы айтып берді.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің үндеуін Үйлестіру кеңесі мүшелерінің назарына жеткізді, референдумға дайындық кезеңінде азаматтардың өтініштерін шешу бойынша жедел желінің ашылғаны туралы хабарлады, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша оқыту семинарларының циклін өткізуді ұсынды, Үйлестіру кеңесінің қатысушыларын еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әдістемелік материалдармен және слайдтармен қамтамасыз етті.
Талқылау барысында салалық және жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағалары алдағы Конституциялық реформа жаңа Қазақстанды құрудағы тағдыршешті тарихи кезеңді атап өтетінін айтты.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әрбір еңбек ұжымында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша ауқымды түсіндіру-ақпараттық жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.