ҚР Кәсіподақтар федерациясымен белгіленген Әлеуметтік әріптестік жылы аясында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы бастауыш ұйымдарда қоғамдық қабылдау жүргізуде.
№1 Қалалық емханада өткен қоғамдық қабылдауда кәсіподақ мамандары еңбек қатынастары заңнамалары және азаматтарды әлеуметтік қамту мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер бойынша түсіндірмелер жүргізіліп, кәсіподақ мүшелеріне заңгер кеңестері берілді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында салалық кәсіподақ ұйымының облыстық филиалымен атқарылған жұмыстар мен алға қойылған мақсаттары туралы сөз қозғалды. Кәсіподақ мүшелері ойларында жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды заңнамалық түсіндірмелер ала алды.