Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының Павлодар облысы бойынша өкілдігінің басшысы мен мүшелері «Қазақстан алюминийі» АҚ-да болды.
Штаб мүшелері мен еңбек ұжымы өкілдері арасында сындарлы кездесу өтіп, онда металлургтерге Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізу жоспарланған өзгерістер түсіндірілді.
«Ел азаматтарының өз пікірін білдіріп, өз елінің болашағы үшін дауыс беруі маңызды», – деді штаб жетекшісі С.Сәдуақасов.
«Конституцияға ұсынылған түзетулердің қабылдануымен азаматтардың құқықтары едәуір кеңейеді, Мәжіліс, Сенат депутаты болып, саяси партия құру оңайырақ болады. Өзгерістер өте ауқымды», – деп атап өтті саяси ғылымдар кандидаты, саясаттанушы С.Ілиясов.
Сот жүйесінің заңгері және ардагері, Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Иванова өз сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясына құқық қорғау институттарының тетіктерін күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсіндірді: «Қазіргі таңда азаматтар өңірлік деңгейде қабылданған нормативтік құқықтық акт олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп есептесе, Конституциялық Кеңеске жүгіне алмайды. Түзетулердің бірі әрбір азаматтың өтініштерін қарай алатын Конституциялық сот құруды көздейді. Тағы бір түзету Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Конституциялық Сотқа шағымдану құқығын қамтамасыз ете отырып, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесуге бағытталған қызметін көрсетеді».