Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар кәсіподақ мүшелерінің назарына жеткізілді

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен өткен кездесуде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Конституциялық реформа бойынша ақпараттық-түсіндірме берді.


Кездесуге әлеуметтік орталықтың 20 қызметкері, мекеме басшысының орынбасарлары Жолтаев Жомарт Мырзаханұлы, Оспанова Мөлдір Уалиханқызы және кәсіподақ төрайымы Балабекова Асель Маратқызы қатысты.

Филиал төрағасы С.Әуесханов ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы аясында жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағыты белгіленгенін, қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары мен жүргізілетін іргелі өзгерістердің бес негізгі бағыттарын атай отырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу қаралғанын айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Орталық басшысының орынбарасы Ж.Жолтаев қорытынды сөз сөйлеп, ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдумға ұжым мүшелері белсенді атсалысып, тегіс қатысатындықтарын айтты.