Кәсіподақ өкілі қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды

Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жалпыхалықтық референдум бойынша құрылған облыстық штабтың жұмысы туралы сұқбат өтті.

Штабтың құрамы мен атқарылып жатқан жұмыс барысын және Референдум өтуінің мақсаты мен тәртібі туралы штаб төрағасы Жандос Базартай әңгімеледі. Сұқбат алаңының спикерлері қатарында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов және «Атамекен» ҰҚП облыстық филиалы директора Пірмұхамед Сыздықов Қазақстан Республикасы Конституциясына ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы пікірлерін білдіріп, халықты 5 маусым күні өтетін Референдумға белсенді қатысуға шақырды.