Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова: “Референдум өткізу – еліміз үшін маңызды қадам. Соңғы рет 1995 жылы рефендум болған еді. Бұл референдум қоғамға да, билікке де жаңа серпін береді. Президенттің өкілетінің бірқатар функциясы Парламентке беріледі. Азаматтардың құқықтарын қорғайтын жаңа орган – Конституциялық сот құрылады. Ол орган сот жүйесінің ең жоғарғы сатысына айналмақ. Осылайша, Конституция тікелей әрекет заңына айналады. Жоғары аудиторлық палата құру да маңызды деп ойлаймын. Ең бастысы, біз кәсіподақ өкілдері ретінде қарапайым тұрғындардың еңбек құқығының жақсарып, өз еңбек мүдделерін жоғары деңгейде қорғауына мейлінше қолдау жасаймыз.
Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі, бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкілхалықтың деңгейдегі міндет”.