Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебаб ғылыми кітапханасы ұжымымен аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, Референдум бойынша облыстық штаб мүшесі Марат Бәйімбетов және Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрайымы Раушан Үмбетова кездесіп, түсіндірме жасады.
Кітапхана қызметкерлерімен кәсіподақ көшбасшылары жалпыхалықтық референдумның өтуі маңыздылығы, ҚР Конституциясына ұсынылған заңнамалық түзетулер бойынша пікір алмасты. Кездесуде еңбек ұжымы Конституциялық өзгерістерді енгізуге қолдау білдіріп, референдумға белсене қатысатындықтарын жеткізді.