Референдумды насихаттау мақсатында мектеп ұжымымен кездесу өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады. Осы ретте Республикалық референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің ұжымында кездесу өткізді.


Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев референдумның маңыздылығын түсіндіре отырып, еліміз үшін маңызды саяси кезеңде жерлестерімізді оқиғадан тыс қалмай, белсенділік танытып, бірауыздан референдумға қатысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайтындығын және болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.