Алдағы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығын насихаттау мақсатында Түркістан облысы мәдениет басқармасының “Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры” МКҚК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері бас қосты.
Бас қосуда кәсіподақ мүшелері Мемлекет басшысының Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамасын қызу талқыға салып, еліміздегі болып жатқан маңызды саяси оқиғада Референдумның маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты.
Сондай-ақ, жиын соңында мемлекетіміздің болашағы үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шарада азаматтық белсенділік танытып, алдағы 5 маусым күнгі жалпыхалықтық Референдумға бірауыздан қатысатын болып шешті.