Ақтөбеде референдум өткізудің маңыздылығы айтылды

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова бастауыш ұйым мүшелерімен кездесу барысында жалпы республикалық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.


Кездесуде Конституциялық реформаның бағыттары, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңыздылығы туралы мәселелер сөз болды. Кәсіподақ жетекшілері қажетті түзетулер енгізілген кезде қоғамның мемлекет саясатына нақты әсер ету мүмкіндігіне ие болатынын да жеткізді.

Елімізде Конституция 1995 жылы қабылданды, содан бері өзгерістер Парламент арқылы енгізіліп отырған. Алдағы бүкілхалықтық референдум 5 маусымда өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғайтын кәсіподақ жұмысына да бұл өзгертулердің жаңа серпін берері сөзсіз екендігі айтылды.