“Мұнайхим LTD Company” еңбек ұжымы Президенттің бастамаларына қолдау білдірді

«Мұнайхим LTD Company» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесуде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Капенов Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың қызметі бөлігінде ел Конституциясына ұсынылған өзгерістерге тоқталып, мысалдар келтірді.

Облыстық мәслихат депутаты, «Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары Р.Даумова партия және кәсіподақ белсенділерінің облыстың еңбек ұжымдарымен жұмыс істеу бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны, сайлаушылардың тапсырмалары мен партияның жол картасы қалай орындалатыны туралы айтып берді. Референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Алдағы конституциялық реформа жаңа Қазақстанды құрудағы жаңа кезеңді белгілейтініне тоқталды.

«Торайғыров атындағы университет» КЕАҚ оқытушысы Б.Поломарчук Парламент пен мәслихаттардың қызметіне қатысты Конституцияға енгізілген өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталып, мысалдар келтіріп, талдап, түсініктеме берді. Сондай-ақ, спикерлер еңбек ұжымының өзекті сұрақтарына жауап берді.

Кәсіпорынның еңбек ұжымының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бастамаларына қолдау білдіріп, дауыс беру күні сайлау учаскелеріне келетіндерін мәлімдеді.