Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Аумақтық кәсіподақтар орталығында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық және қалалық филиалдарының төрағалары Бастарбек Пірімбетов, Руслан Шерімов және бірқатар мәдениет саласының өкілдері қатысты.


Кәсіподақ басшылары қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Құттықтау сөздерінен соң елеулі еңбегімен көзге түскен мәдениет саласының бірқатар қызметкерлеріне марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының труппа меңгерушісі Шымырқұлова Бибінұр Суннатқызы «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері атанды. «Гунча» ансамблінің әртістері Батиров Брадар Мехманұлы мен Мирхашимов Мирабдимажид Миркадирұлына «Мәдениет майталманы» медалі табысталды.

Ал, Шымкент қаласы Көрме орталығының директоры Карабекова Зухра Әмзеқызы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы кітапханашысы Ашимова Әлия Серікқызы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының кітапханашысы Каргабаева Гүлсара Тұрғынқызы, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры әртісі Зеренбаев Нұрхат Жұмаханұлы, Шымкент зоологиялық паркі жұмысшысы Ерметова Нигора, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының меңгерушісі Мұртазаева Аяш Садиқызы және Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры қызметкері Рахимова Рахнама Каримжанқызы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.