ҚР Кәсіподақтар федерациясының өңірлік штабының мүшелері «Кызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Капенов және «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасының орынбасары М.Иванова «Облыстық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету психоневрологиялық орталығы» КММ кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Спикерлер орталық ұжымын конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстырды. Азаматтарға, Президенттің, Мәжілістің, мәслихаттың, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне, сот жүйесін жетілдіруге қатысты өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды. Мысалдар келтірді. Кездесуге қатысқан орталық қызметкерлерімен сындарлы диалог болды. Кездесуге қатысушыларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Орталық 548 қызмет алушыға қызмет көрсететін 314 әлеуметтік қызметкердің жұмысын үйлестіреді.
«Біз орталық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерде енгізілетін реформалар туралы референдумда өз таңдауын жасауға жүгіндік, өйткені референдумдағы әрбір қазақстандықтың дауысы үлкен саяси өзгерістердің дамуына ықпал ететін болады», – деп атап өтті «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы» Б.Қапенов.