Ақтөбеде салалық кәсіподақ жетекшісі спортшылармен бірге референдумға қолдау білдірді

Ақтөбеде Достық үйінде облыстағы спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен әлемге елімізді танытқан танымал спортшылар Әшім Қали, Райса Байлиева т.б. кездесуге қатысты. Кездесуге қатысушылар ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша Республикалық референдум өткізудің маңыздылығын талқылады.


Кездесуге ел намысын көтеріп, әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарда жүлделі орын алып жүрген танымал спортшылар мен олардың шәкірттері “Еліміздің болашағы, жаңа Қазақстан үшін референдумға бірігіп, қолдау көрсетуіміз маңызды деп санаймыз”, – деп атап өтті.

Кездесуге қатысушылар республикалық референдум бойынша өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ негізгі заңға енгізілетін түзетулерді талқылады.

“Біз кәсіподақ өкілдері референдумға қатысу, оның саяси маңыздылығы туралы кездесулерде түсіндіріп келеміз. Біз үшін Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалыптастыруға өзіміздің қатысуымыз маңызды”, – деп атап өтті «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова.

Салалық кәсіподаққа қарасты спорт мектептерінің ұжымдары, спортшылар негізгі Ата заңымызға енгізілетін түзетулерді қабылдауға және осы процесске азаматтық қоғамның қатысуын талқылауға, конституциялық реформаларды түсіндіруге белсене атсалысуда.