“Қазақстандық салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы” Қызылорда облыстық филиалы төрайымы Раушан Үмбетова Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің еңбек ұжымымен кездесті.
Облыстық салалық кәсіподақ төрайымы кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумды қолдау мақсатында облыстық кәсіподақтар орталығында штаб құрылып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін кездесулер ұйымдастырылып жатқандығын атап өтті. Кездесуге қатысушыларға тарихи маңызды болып табылатын конституциялық реформалар туралы ақпарат берілді.
Жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Айгүл Құдайбергенова ұжым атынан республикалық референдумға қатысты ой-пікірін ортаға салды.