Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы Атқару комитетінің мүшесі Ғалымжан Нәлжанов департамент қызметкерлерімен Конституциялық реформа бойынша жиын өткізді. Жиынға департаменттің 20 қызметкері, департамент басшысының орынбасары Төрехан Дауытов және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Шолпан Байболова қатысты.
Жиында Ғ.Нәлжанов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту, Парламентті күшейту, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары, Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау, Конституциялық сот, Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру, Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту, Жерге иелік ету, Тұңғыш Президент мәртебесі бойынша саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары бойынша және саяси жүйені терең демократияландыру, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос Палатасының қызметін қайта форматтау және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру, мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру бойынша елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың негізгі бағыттарын атап өтіп, ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Шолпан Байболова республикалық референдумның өтуіне қолдау білдіре отырып, қатысушыларды дұрыс таңдау жасап, оған 5 маусым күні дауыс беруге қатысуға шақырды.