ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен жарияланған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы үздік жобалардың байқауын ұйымдастырды.
Шараға аудандағы 27 білім беру ұйымының директоры қатысып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, басқарушылық қабілеттерін байқатты.
Жоба қорғау барысында әлеуметтік әріптестер білім беру мекемесін басқару процесіне енгізген жаңашылдықтары, жұмыс барысында кездесетін проблемалар мен оны шешу жолдары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара қорытындысы бойынша мектеп басқаруға қатысты ұтымды жоба ұсынған мекеме басшыларына аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарапынан Сарыағаш шипажайына жолдама мен бағалы сыйлықтар табысталды.