Кәсіподақ өкілдері құрылысшылармен референдум маңызын талқылады

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев жалпыхалықтық Референдум туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Элит Cтрой Company» ЖШС ұжымымен кездесті.


Кездесуде бірлестіктің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев: «Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Осы ретте елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Өзгеріс өзімізге керек. Сондықтан еліміздің болашағы жарқын болуына мүдделі әрбір адам референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруі тиіс», – деді.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында қатысушыларға кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, алдағы 5 маусым күні өтетін Референдумға бірауыздан қатысатындығын жеткізді.