Салалық кәсіподақ ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізуде

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы референдумды қолдау жөніндегі өңірлік штабтың жұмысы шеңберінде «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрайымының міндетін атқарушы Татьяна Шатохина Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнара Қабдыкәрімовамен бірлесіп, Жұмыспен қамту бөлімінің ұжымында (басшысы – Жанай Ысқақов) республикалық референдумды қолдау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді және осы мемлекеттік органға келушілермен кездесті.


Кәсіподақ мүшелері ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен мұқият танысып, барлық қазақстандықтарға жаңа құқықтар мен мүмкіндіктер ашатын жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаларға оң көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ, жас мамандар мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды іс жүзінде сақтауы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.

Ашық әңгіме барысында халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу ерекшеліктеріне және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын дамытуға назар аударылды.

Сонымен қатар, жұмысшылармен келісіліп, әлеуметтік қолдау бойынша кәсіподақ шаралары белгіленді.

Кездесуді қорытындылай келе, диалогқа қатысушылар Қазақстан Республикасындағы одан әрі демократиялық өзгерістерді қолдайтындықтарын және 2022 жылғы 5 маусымда бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.